Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Уэйн Руни: Рэшфорд «Манчестер Юнайтед» үшін ойнағысы келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Prosports.kz хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» және Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни Маркус Рэшфордтың болашағы жайлы пікір білдірді.

«Маркус Рэшфорд «Манчестер Юнайтед» үшін ойнағысы келеді — бұған 100 пайыз сенімдімін. Ол — Манчестердің тумасы, клубтың нағыз жанкүйері. Бірақ соңғы уақытта оған оңай болған жоқ. Оған алаңға шығу қажет еді, ал «Юнайтедте» қалған жағдайда маусымның соңына дейін ойынға қатыспайтыны белгілі болды. Егер бәрі тамаша болғанда, ол міндетті түрде клуб тарихында өзін қалдырғысы келер еді. Қазір бұл қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, бірақ мұны көргім келеді», — деді Руни Goal басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Рэшфордтың «Манчестер Юнайтедпен» келісімі әлі күшінде, алайда ол қысқы трансферлік кезеңде маусым соңына дейін жалға «Астон Виллаға» ауысты. Бұған дейін «Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим шабуылшының ойынына көңілі толмайтынын бірнеше рет ашық айтып, оның толық беріліп ойнамайтынын меңзеген болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!