Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Уэйн Гретцки: «Мен саясаткер емеспін, тек отбасымды мақтан тұтамын»

The Score хабарлағандай, аңызға айналған канадалық хоккейші Уэйн Гретцки АҚШ пен Канада арасындағы шиеленіске байланысты өз пікірін білдірді. Спортшы Дональд Трамппен достығы үшін сынға ұшыраған болатын.

Шиеленіс АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың Канаданы «АҚШ-тың 51-ші штатына айналдыру» туралы мәлімдемесі мен жаңа сауда баждарын енгізуінен кейін күшейе түсті.

Бұл жағдайға орай Гретцки былай деп жауап берді:

«Сеніңіздер, менің Канада премьер-министрі де, АҚШ президенті де емес екенімді бәрі түсінсе екен. Менің бес американдық балам, жеті немерем, американдық әйелім және 103 жастағы американдық қайын енем бар. Күн сайын оларға: ‘Мен канадалық екенімді қалай мақтан етсем, сендер де АҚШ азаматы екендеріңді мақтан тұтыңдар. Аталарың дәл осылай қалар еді’ деп айтып отырамын», — деді Гретцки.

Айта кетейік, Уэйн Гретцки «Эдмонтон Ойлерз» клубының сапында өнер көрсетіп, төрт рет Стэнли Кубогін жеңіп алған, әрі ол хоккей тарихындағы ең нәтижелі ойыншы ретінде танылған.