01.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Үш дүркін «Алтын доп» иегері аяғын сындырып алды

Үш дүркін «Алтын доп» иегері аяғын сындырып алды

Испания әйелдер құрамасы мен «Барселона» футбол клубының ойыншысы қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айтана Бонмати Испания құрамасының жаттығуы кезінде сол аяғының кіші жілігін сындырып алыпты.

Осыған байланысты 27 жастағы ойыншы бірнеше айға қатардан шықты.

«Барселона» футболшысы үш рет «Алтын доп» және екі мәрте The Best FIFA алған еді.