20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Үш АПЛ клубы «Ювентус» орталық қорғаушысына қызығушылық танытып отыр

Үш АПЛ клубы «Ювентус» орталық қорғаушысына қызығушылық танытып отыр

«Манчестер Юнайтед», «Челси» және «Ливерпуль» «Ювентус» орталық қорғаушысы Бремерге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

TEAMtalk мәліметінше, туриндік клуб бразилиялық футболшыны сатқысы келмейді және оны командада ұстап қалу үшін күресуге дайын. Дегенмен, 28 жастағы қорғаушы Англияға көшу мүмкіндігіне қарсы емес.

Бремер «Ювентус» сапында 2022 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирлерде 95 матчқа қатысып, сегіз гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті. Қорғаушының клубпен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтық құны €50 млн құрайды.