23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Үміт үзбеуіміз керек: блогер «Ақтөбе» — «Спарта Прага» ойыны туралы айтты

Үміт үзбеуіміз керек: блогер «Ақтөбе» — «Спарта Прага» ойыны туралы айтты

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында чехиялық «Спарта Прага» командасын қабылдайды.

Маңызды матч алдында футбол блогері Бақыт Такеновтың пікірін білдік.

«UEFA рейтингінде «Спарта» 120-орында, ал «Ақтөбе» – 507-орында. Чех ұжымы тәжірибелі, бірақ олардың чемпионаты әлі басталмағанын ұмытпауымыз керек. Ойыншылары бір-бірімен толыққанды тіл табысып, бейімдене болмаған болар. Олар үшін сырт алаңдағы ойын ауыр болары сөзсіз. Ал «Ақтөбе» соңғы апталарда үздіксіз ойын өткізуде. Жанкүйерлердің жеңіс көрмегеніне үш матч болды. Сондықтан «ақ-қызылдар» бар күшін салары сөзсіз.

Меніңше есеп тең өтуі мүмкін. Ал сырт алаңдағы ойынды болжау қиын. «Ақтөбенің» сырт алаңда жақсы ойнайтынын ескерсек, үміт үзбеуіміз керек. Қарсылас фаворит саналса да, Қазақстандық «Ақтөбе» үшін жанкүйер боламыз».

Айта кетейік, «Ақтөбе» — «Спарта» ойыны ертең 21:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.