Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Уэльс құрамасы Швецияға қарсы матчқа Джесс Фишлоксыз шығады

Уэльс әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының Швецияға қарсы алдағы кездесуіне рекорд иесі Джесс Фишлоксыз шығады. Бұл туралы BBC Sport Wales хабарлады.

Ұлттық құраманың намысын қорғап, 160 матч өткізген 38 жастағы жартылай қорғаушы жарақатына байланысты командамен бірге Гётеборгқа аттанған жоқ.

Құрама бапкері Риан Уилкинсон бұл шешімді клубтық және ұлттық команданың медициналық штабтарымен бірлесіп қабылдағанын айтты:

«Джесс — әр матчта ойнауға дайын ойыншы. Бірақ қазір оған демалып, толық қалпына келуге уақыт беру — дұрыс шешім», — деді Уилкинсон.

Сонымен қатар Уэльс құрамасы келесі ойынға Софи Ингл, Кейли Бартон және Сери Холланд сынды маңызды ойыншыларынан да айырылып отыр.

Ұлттар лигасының А4 тобында үш турдан кейін Уэльс құрамасы небәрі бір ұпаймен соңғы орында тұр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!