25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Үкімет Англияның Еуро-2025-те жеңіске жетсе де демалыс жарияламайтынын мәлімдеді

Үкімет Англияның Еуро-2025-те жеңіске жетсе де демалыс жарияламайтынын мәлімдеді

BBC Sport хабарлауынша, Англия премьер-министрі Кир Стармердің өкілі ұлттық құрама Еуро-2025-те жеңіске жетсе де қосымша демалыс күнін енгізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

Сейсенбіде Италиямен өткен жартылай финалдағы драмалық жеңістен кейін Стармер команданы «ұлт үшін шабыт» деп атады. Испания құрамасымен финалдық матч жексенбіде британ уақытымен 17:00-де өтеді.

Үкімет финалдан кейін пабтардың түнгі бірге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берді. Либерал-демократтардың мәдениет және спорт жөніндегі өкілі Макс Уилкинсон демалыс күнін енгізуді қолдады:

«Еліміздің жанкүйерлері мен патриоттары осы керемет команданың талантын, жетістігін және тарихи жеңісін тойлауға мүмкіндік алуға лайық»

Айта кетерлігі, Англия 2022 жылы алғаш рет Еуроны жеңіп алғанда, сол кездегі оппозиция жетекшісі Стармердің «толыққанды мереке күнін» жариялау туралы үндеуіне қарамастан, қосымша демалыс күні жарияланбаған болатын.