21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UEFA Израильді жарыстардан шеттетуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
UEFA Израильді жарыстардан шеттетуі мүмкін

UEFA алдағы сейсенбіде Израильді барлық еуропалық жарыстан шеттетуі мүмкін.

Дереккөздерге сенсек, жиырмадан астам мемлекет өкілдері Израильді ұйымнан шығару үшін дауыс беруге дайын. Тек екі-үш ел ғана олардың UEFA құрамында қалуына қарсы емес.

Айта кетейік, бұған дейін Испания құрамасы Израильді UEFA қатарынан шығармаған жағдайда, әлем чемпионатына барудан бас тартатынын жариялаған еді.