02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UEFA еуропалық футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады

UEFA еуропалық футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады

Еуропалық футбол ассоциациясы одағы (UEFA) Еуропа клубтарының жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған рейтингте Испанияның «Реал Мадрид» клубы көш басында тұр. Одан кейінгі орындарда «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия) командалары келеді. Сондай-ақ алғашқы ондыққа «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Интер» (Италия), «Челси» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Англия), «Рома» (Италия) және «Барселона» (Испания) жайғасқан.

Ал еліміздің атынан сынға түсіп жүрген клубтар арасында «Астана» — 134, «Тобыл» — 183 орынға жайғасқан. Ал «Қайрат» — 266, «Ордабасы»- 306, «Ақтөбе» — 352, «Шахтёр» — 376, «Қызылжар» — 387, «Қайсар» — 388 орынға тұрақтады.

Айта кетсек, биыл «Қайрат» Чемпиондар лигасында бақ сынаса, «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Астана» мен «Ордабасы» Конференция лигасында ел намысын.