Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздарына медальдар жетпей қалды

УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздарына медальдар жетпей қалды

Euro-football.ru хабарлауынша, УЕФА Еуропа лигасының финалындағы марапаттау рәсімінде күтпеген мәселеге тап болды — «Манчестер Юнайтедті» жеңген «Тоттенхэм» өкілдерінің санына медальдар сәйкес келмеді.

Ұйымдастырушылар лондондық клубтың жарақат алған футболшыларының марапаттау сахнасына көтерілетінін ескермеген — олар шешуші матчтың өтінімінде болмаған.

«Жетіспейтін медальдар жеңімпаз командаға киім ауыстыру бөлмесіне жедел жеткізілді, жіберілген олқылық үшін шын жүректен кешірім сұраймыз», — деді УЕФА баспасөз қызметі.

Бұл жеңістің арқасында «Тоттенхэм» келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.