Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА 2026 жылғы футзал Еуропа чемпионатын басқа елге көшіруді қарастыруда

УЕФА 2026 жылғы футзал Еуропа чемпионатын басқа елге көшіруді қарастыруда

«Футзал Қазақстан» мәліметінше, УЕФА 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын басқа елге көшіру нұсқаларын қарастырып жатыр. Себебі бастапқы ұйымдастырушылар — Латвия мен Литва турнирді өткізуден бас тартты.

Мәселенің басты себебі — аталмыш елдердің Беларусь құрамасын өз аумағына жіберуден бас тартуы. Беларусь 2026 жылғы Еуроның финалдық кезеңіне алғаш рет жолдама алған, алайда оның Ресей-Украина қақтығысындағы саяси ұстанымы қабылдаушы тараптарға әсер еткен.

Қазіргі жағдай плей-офф жеребесінің уақытында өтуіне де қауіп төндіруде. Жеребе 21 мамырға жоспарланған, бірақ кейінге шегерілуі мүмкін.

Турнирді қабылдауға үміткер елдердің бірі — Қазақстан. Елде халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық инфрақұрылым мен тәжірибе бар.