28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Түркістанның «Тұраны» Ресейден жас шабуылшы алды

Түркістанның «Тұраны» Ресейден жас шабуылшы алды

KazFootball.kz хабарлағандай,  Түркістанның «Тұран» футбол клубы өз құрамын толықтырды, команда Константин Дорофеевпен келісімшартқа отырды.

19 жастағы шабуылшы («Краснодар» академиясының тәрбиеленушісі) Ресейдің U-21 жастар құрамасында ойнау тәжірибесі бар. Оның еншісінде ұлттық жастар командасы үшін екі матч бар.