10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Түркістандық «Тұран» ресейлік клубпен тең түсті

Түркістандық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Тұран» футбол клубы Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Ленинградецпен» бақылау кездесуін өткізді.

Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Түркістандықтардың бас бапкері келесі құрамды алаңға шығарды: Закиров, Милойко, Мұхтаров, Абдумажитов, Юденков, (қорғаушылар), Совпель, Нұрымбет, Пайович, (жартылай қорғаныс), Згурский, Дорофеев, Кадер (шабуыл).

Қосалқы ойыншылар орындығында болғандар:
Хаткевич
Дүйсенбекұлы
Сәрсенбай

Асамбек
Хаджиев
Сатышев

Айта кетейік, «Тұран» өткен 2024 жылғы ҚПЛ маусымында турнир кестесінің соңғы алдындағы 12-ші орынға тұрақтап жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды. Ал олардың қарсыласы Ресейдің үшінші дивизионында өнер көрсетіп үшінші орында тұр.