06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұранның» бас бапкері белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тұранның» бас бапкері белгілі болды

Түркістандық «Тұран» командасында бапкерлік өзгеріс орын алды. Қанағаттанарлықсыз нәтижелерден кейін қызметінен кеткен Абдухалық Бүрібаевтың орнына украиналық маман Александр Поклонский келді. Бұл туралы BorodAbata.kz хабарлады.

Поклонский – кезінде қорғаушы ретінде Украина чемпионатында «Днепр», «Ворскла», «Таврия», «Кривбасс», «Заря» клубтарында ойнаған, сонымен қатар Әзербайжанның «Симургы» мен Қазақстанның «Қызылжарында» да доп тепкен тәжірибелі футболшы.

Жаттықтырушы ретіндегі мансабында Украинада «Днепр», «Никополь», «ВПК-Агро» клубтарын баптады. Кейін Грузияның «Самгурали» және Қырғызстанның «Мурас Юнайтед» командаларын басқарды.

Қазіргі таңда «Тұран» ҚПЛ кестесінде 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында тұр. Яғни команда турнирден түсіп қалу қаупінде. Енді жаңа бапкердің басты міндеті – ұжымды сақтап қалу болмақ.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!