14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұранның» бапкерлер штабы толықтай отставкаға кетті

«Тұранның» бапкерлер штабы толықтай отставкаға кетті

«Серый CARDINAL» телеграм-каналының хабарлауынша, Түркістанның «Тұран» футбол клубының бапкерлер штабы толық құрамда қызметтен кету туралы өтініш жазды.

Елорданың «Женіс» командасына қарсы матчта түркістандық команда легионерлерсіз өнер көрсетуге мәжбүр — шетелдік футболшылардың ешқайсысы алаңға шықпайды. Сондай-ақ, клубтан жас қазақстандық ойыншылар тобы кететіні күтілуде.

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші тур кездесуі «Тұран» мен «Женіс» арасында Түркістанда өтеді — 11 тур қорытындысы бойынша қожайындар 11 ұпаймен турнир кестесінің тоғызыншы жолында тұр.