Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Тұран» мен «Оқжетпес» маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді

«Тұран» мен «Оқжетпес» маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді

Бүгін, Қазақстан чемпионатының 1-турында «Тұран» өз алаңында – Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.

Түркістандық клуб өткен маусымда премьер лигадан шығып қалу қаупінде болып, сүреңсіз сериялар көрсетті.

«Оқжетпес» былтыр бірінші лигада топ жарып, 28 матчта 63 ұпай жинады. Енді жоғары дивизиондағы дебютінде кем дегенде бір ұпай алуға тырысады.

Бұл екі команданың алғашқы ресми кездесуі, сондықтан тартысты ойын күтілуде.

«Тұран» құрамы: Закиров, Асанбек, Дорофеев, Жанбаев, Малиқайдар, Нүреділов, Нұрымбет, Абдумажидов, Згурский, Мұхтаров, Сатишев.

Бас бапкер — Виталий Жуковский

«Оқжетпес» негізгі құрамы: Қажымұқан Төлепберген, Виктор Зябко, Нияз Идрисов, Арсен Аширбек, Нұрлан Даиров, Дамир Марат, Аслан Дарабаев, Дәурен Жұмат, Адам Адахаджиев, Батырхан Тәжібай, Алияр Мұхамед.

Қосалқы құрамда: Санжар Сатанов, Бексұлтан Шәмші, Шыңғыс Флюк, Владислав Прокопенко, Сұлтан Әбілғазы, Данил Подымский, Виктор Гунченко, Стахинья Йованович.

Бас бапкер — Андрей Ферапонтов.