Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» шабуылшысы Ресей құрамасына шақырту алды

«Тұран» шабуылшысы Ресей құрамасына шақырту алды

«Тұран» шабуылшысы Константин Дорофеев Ресей U-21 жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Константин Дорофеев — Ресей ұлттық U-21 жастар құрамасына шақырту алды!

Иван Шабаров шәкірттері 5 және 8 маусым күні Өзбекстандық құрдастарымен екі кездесу өткізеді. Ойын Фергана қаласында өтеді», — делінген клуб хабарламасында.