23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» серб қорғаушысы Луко Чермельмен келісімшартқа отырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тұран» серб қорғаушысы Луко Чермельмен келісімшартқа отырды

Түркістандық «Тұран» командасы құрамын жаңа легионермен толықтырды. Клуб 29 жастағы серб қорғаушысы Лука Чермельмен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Чермель кәсіби мансабын 2015 жылы ОФК «Белград» жастар командасында бастаған. Кейінірек ол Сербиядағы бірнеше клубта өнер көрсетті: «Синджелич», «Бродарац», «ИМТ Белград», «Телеоптик», «Раднички» және «Инджия».

2021 жылы қорғаушы алғаш рет Еуропадан тысқары шығып, Өзбекстан чемпионатына ауысты. Онда ол «Согдиана» мен «Навбахор» командаларында ойнады. Ал соңғы клубы – 2024 жылдың алғашқы жартысында өнер көрсеткен «Нови Пазар» болды.

Енді Лука Чермель Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп, «Тұран» сапында ойын көрсететін болады.