15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» – «Қызылжар» матчына байланысты іс полицияға берілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тұран» – «Қызылжар» матчына байланысты іс полицияға берілді

Қазақстан футбол федерациясының Қауіпсіздік және адалдық қызметі ҚПЛ-дің 16-турында өткен «Тұран» – «Қызылжар» (1:2) кездесуінен кейін бас төреші Руслан Қумашев пен ВАР-судья Денис Чеховскийге қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді.

Қызмет басшысы Асхат Мәлістің айтуынша, тексеріс договорной матч болуы мүмкін деген күдікке байланысты жүргізілуде. Сонымен қатар, екі клубқа қатысты да материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, жан-жақты тергеу басталған.

Тексеруге «Тұран» клубының ресми шағымы негіз болды — команда ойыннан кейін бірден төрешілер жұмысына наразылық білдіріп, ресми түрде шағым түсірген.

Алдын ала тексеріс нәтижесінде бас төреші мен ВАР-судья маусымның соңына дейін қызметінен шеттетілді.