26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» қорғаушысы шетелдік клубтардың назарына ілікті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тұран» қорғаушысы шетелдік клубтардың назарына ілікті

22 жастағы «Тұран» клубының қорғаушысы Микаэль Аскаров шетелдік клубтардың назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, оған Румыния, Молдова, Болгария және Черногория командалары қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, еуропалық скауттар футболшыны мұқият бақылауда. Соның бірі Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы «Тұран» – «Қайсар» (1:0) кездесуінде трибунадан ойыншыны тамашалаған. Бұл туралы Түркістан клубының басшылығы да хабардар.

Аскаров — «Фенербахче» академиясының түлегі, жастар құрамасында Қазақстан намысын қорғаған. Қазіргі маусымды ол «Атырау» сапында бастап, кейін «Тұранға» ауысқан. Бұған дейін «Қайрат», «Екібастұз» және Беларусьтің «Сморгонь» командаларында ойнаған.

2025 жылғы маусымда қорғаушы Қазақстан чемпионатында 15 матч өткізіп, статистикалық көрсеткіштермен көзге түспесе де, тұрақты ойын тәжірибесіне ие болып жүр.