20.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» мен «Астана» ұпай бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тұран» мен «Астана» ұпай бөлісті

Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры аясында «Тұран» өз алаңында «Астананы» қабылдады. Тартысты өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның 30-минутында Марин Томасов есеп ашып, «Астананы» алға шығарды. Бұл гол шабуылшының маусымдағы бесінші голы болды. Осылайша ол сұрмергендер көшінде бірінші орынға шықты.

Алайда бұл гол елордалық клубқа жеңіс сыйламады. 84-минутта «Тұран» ойыншысы Мұхтаров баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

«Астана» бұл нәтижемен «Қайраттың» ұпай жоғалтқанын тиімді пайдалана алмады.