Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» футболшылары бірнеше айдан бері жалақыларын алмаған

«Тұран» футболшылары бірнеше айдан бері жалақыларын алмаған

«Тұран» футбол клубының қосалқы құрамы бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды Sport12.kz Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, футболшылар қаржылық қиындықтарға байланысты былтырғы маусымдағы формамен тер төгіп жүр. Жейделердің нөмірі мен футболшы есімдері арнайы изолентамен өзгертілген.

Айта кетейік, түркістандық клубтың жастар командасы өткен маусымда чемпионатты соңғы орында аяқтаған болатын.