21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

2025 жылдың 27–30 қазан аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Түркістан төрінде ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жарысқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан және өзге де шамамен 15 елден 200-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде.

Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында еліміздің ең үздік балуандары бар. Олар қазақ күресінің мәртебесін халықаралық деңгейде көтеріп, ел намысын абыроймен қорғауды мақсат еткен.

Ерлер құрамасы:

  • 55 кг – Архат Баймұрзин

  • 60 кг – Нұртілек Қаракесеков

  • 66 кг – Нұрғали Тұрсынғазиев

  • 74 кг – Тілек Тоқтасынұлы

  • 82 кг – Асылжан Кәрім

  • 90 кг – Айдар Бескемпір

  • 100 кг – Ерқанат Молдағұлов

  • +100 кг – Қайсар Шамшидинов

Әйелдер құрамасы:

  • 48 кг – Айдана Хасенқызы

  • 52 кг – Сағат Байғараева

  • 56 кг – Ақнұр Асылбекова

  • 60 кг – Назерке Асанхан

  • 65 кг – Ұлдана Таңжарықова

  • 70 кг – Ақбота Қыдырәлі

  • 77 кг – Аружан Жандарбай

  • +77 кг – Арайлым Шегенова

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы, арнайы дипломдар және медальдар табысталады.