07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Түрік қанатшабуылшысы Актүркоглу рекордтық сомаға отанына оралуы мүмкін

Түрік қанатшабуылшысы Актүркоглу рекордтық сомаға отанына оралуы мүмкін

Record мәліметінше, Керем Актүркоглу мансабын Фенербахчеде жалғастыруы мүмкін — стамбулдық клуб Бенфиканың 26 жастағы қанатшабуылшысымен трансфер туралы келіссөздер жүргізуде.

Түрік алпауыты футболшы үшін 22 миллион еуро тұрақты төлем және 3 миллион еуро бонус ұсынып отыр — ойыншыға жылына 5 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.

Айта кетерлігі, Актүркоглу небәрі бір жыл бұрын Галатасарайдан Бенфикаға 12 миллион еуроға ауысқан болатын. Португалия чемпионатында түрік қанатшабуылшысы өзін жақсы көрсетті — оның еншісінде 30 ойында 11 гол мен 9 нәтижелі пас бар.