03.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Түбі бір түркі тілдес ұлттар арасында «Turan Cup» турнирі өтеді

Түркітілдес елдер арасында алғаш рет «Turan Cup» футбол турнирі өтеді. 2025 жылдың 20 наурызына жоспарланған бұл жарыс түркі әлемінің бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылуда. Бұл туралы inbusiness.kz мәлімдеді.

Турнирге Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да түркітілдес елдердің клубтары қатысады. Турнирдің ұйымдастырушысы —  Түркия футбол федерациясы.

Естеріңізде болса, алғаш рет бұл бастама 2020 жылы көтерілген болатын. Түбі бір түркі тілдес ұлттар арасындағы ортақ турнир жобасы қарастырылып, қоғамның талқысына түсті. Оған «Тұран кубогы» деп атау берді. Идея авторы Гюркан Теоман еді. Ол негізі саясаттанушы және сол саясатпен айналысатын адам. Дегенімен футбол жарысы жайлы идеясы сол уақытта көпшілікке ұнағаны рас.

Турнирдің негізі идеясы мынада еді: Халықтар арасындағы ынтымақтастық нығайып, қарым-қатынас күшейеді. Сонымен қатар, клубтар бір-бірімен футболшылар алмасады. Таланттарды байқайды. Сосын мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, әріптестік арта келгеннен кейін Түркі әлемі бірігіп, қайта күшке айналып, ірі одақ екенін айналаға көрсете алатын жағдайға жетеді. Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан секілді түркітілдес халықтардың клубтары бір жарысқа қатысып, ұлыстардың бауырмашылдығын арттыра түседі. Жалпы сол уақытта баспасөзде бұл жарыстың өтуі туралы ақпараттың өзі көп қызығушылық тудыртты. Дегенмен, бұл 2020 жыл идея күйінде қалып қойды.

Турнир биыл балалар арасында ұйымдастырылады. Жарыстың алғашқы нұсқасы Түркияда өтіп, кейіннен өзге елдерге беріледі.

Жарыстың нақты өтетін орны мен қатысушы командалар туралы қосымша ақпараттар алдағы уақытта жарияланатын болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!