02.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Цуцкич бұрынғы командасына қарсы ойнамайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры аясында бүгін «Оқжетпес» сырт алаңда «Тұранмен» кездеседі.

«Оқжетпестің» сербиялық жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич бүгін «Тұранға» қарсы матчқа қатыспайды.  Футболшы үш күн бұрын өткен жаттығуда жарақат алуына байланысты, кездесуге қатыса алмайды. Цуцкич өткен маусымда «Тұран» сапында 21 матч өткізіп, 4 гол соққан еді.

Жарақатына байланысты бұрынғы командасына қарсы алаңға шыға алмауы футболшы үшін де, «Оқжетпес» үшін де өкінішті жағдай. Ал матчтың қалай өтетінін алдағы сағаттарда білетін боламыз.

Айта кетейік, Sport-pulse.kz порталы «Оқжетпес» командасының ресми ақпараттық серіктесі болып табылады.