30.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ЦСКА «Вест Хэмнен» Влашич үшін 16 миллион еуро ала алмай жүр

ЦСКА «Вест Хэмнен» Влашич үшін 16 миллион еуро ала алмай жүр

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, Мәскеудің ЦСКА клубы Никола Влашичтің трансфері үшін «Вест Хэмнен» қалған қарызды өндіруге тырысып жатыр. Ағылшын клубы 2021 жылы жасалған 30 миллион еуро көлеміндегі мәміленің шамамен 16 миллион еуросын әлі төлемеген.

ЦСКА бас директоры Роман Бабаев төлем мөлшерінің нақты екенін және қайта қарауға жатпайтынын айтты. Алайда «Вест Хэм» санкцияларды алға тартып, ресейлік клубқа ақша аударудан бас тартуда.

«Жағдай анық — біздің пайдамызға шешім қабылданбауы мүмкін емес. Әрине, «Вест Хэм» қарызын өтеуі керек. Бірақ бұл іске саяси факторлар араласуы мүмкін, сондықтан CAS (Спорттық арбитраж соты) шешім қабылдауға асықпай отыр», — деді Бабаев.

ЦСКА жағдайды шешудің түрлі жолдарын ұсынған. Соның бірі — Чидера Эджуке трансфері үшін «Херенвенге» қарызды жабу арқылы өзара есеп айырысу. Алайда ағылшын клубы бұл және басқа да ұсыныстарды қабылдаудан бас тартты.