29.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ЦСКА УЕФА кубогындағы тарихи жеңісінің 20 жылдығын гала-матчпен атап өтеді

ЦСКА УЕФА кубогындағы тарихи жеңісінің 20 жылдығын гала-матчпен атап өтеді

Sport24 мәліметінше, 18 мамыр күні Мәскеуде ЦСКА-ның УЕФА кубогындағы тарихи жеңісінің 20 жылдығына арналған гала-матч өтеді.

Матчта ЦСКА 2004/05 жылғы еурокубок маусымында қарсылас болған «Челси», «Бенфика», «Парма», «Осер», «ПСЖ», «Партизан» және «Порту» клубтарының бұрынғы ойыншыларынан құралған Еуропа аңыздар құрамасымен кездеседі.

Еуропалық команда сапында әлем чемпионы Андерсон Полга, Америка кубогының иегері Марио Йепес, Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы Жереми Нжитап, сондай-ақ атақты Клод Макелеле мен Алексей Смертин өнер көрсетеді.

ЦСКА намысын сол тарихи маусымның аңыз футболшылары — Чиди Одиа, Сергей Игнашевич, Алексей Березуцкий және басқа да армия клубының танымал ойыншылары қорғайтын болады.