26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Трент Александер-Арнолд «Реал Мадридке» ауысуға жақын

Cadena SER мәліметінше, «Реал Мадрид» пен Трент Александер-Арнолд жазғы трансфер терезесінде ауысу туралы ауызша келісімге келді. Испандық клуб ағылшын қорғаушысымен 4 жылдық келісімшарт жасауды жоспарлап отыр.

«Ливерпульмен» келісімшарты маусымда аяқталатын Александер-Арнолд клубтың ұсыныстарынан бас тартқан. Оның орнына мерсисайдтықтар 21 жастағы Конор Брэдлиді негізгі қорғаушы ретінде қарастыруда.