04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Transfermarkt: Ливай Гарсия РПЛ-да құны ең көп түскен футболшы болды

Transfermarkt: Ливай Гарсия РПЛ-да құны ең көп түскен футболшы болды

Transfermarkt мәліметі бойынша, Мәскеу «Спартагының» шабуылшысы Ливай Гарсия нарықтық құны ең көп түскен РПЛ ойыншыларының тізімін бастап тұр — оның бағасы 3 миллион еуроға төмендеді. Жарты жыл бұрын АЕК-тен 20 миллион еуроға ауысқан тринидадтық шабуылшының қазіргі бағасы 12 миллион еуро.

Екінші орында құны 2 миллионға төмендеген бірнеше футболшы тұр — «Зенит» ойыншысы Вендел (18 млн), «Краснодардан» Джон Кордоба (12 млн), «Зениттен» Вильмар Барриос (8 млн) және «Локомотивтен» Наир Тикнизян (4 млн).

ЦСКА қорғаушысы Родриго Вильягра 1,5 миллионға арзандап, 4 миллион еуроға бағаланып отыр.

Бір миллион еуроға төмендеген ойыншылар тобы:

  • Максим Глушенков («Зенит») — 14 млн
  • Матео Кассьерра («Зенит») — 10 млн
  • Дуглас Сантос («Зенит») — 9 млн
  • Страхиня Эракович («Зенит») — 9 млн
  • Луис Чавес («Динамо») — 8 млн
  • Пабло Солари («Спартак») — 7 млн
  • Жерзино Ньямси («Локомотив») — 5 млн
  • Артем Карпукас («Локомотив») — 5 млн
  • Роналдо («Ростов») — 4 млн
  • Муми Нгамале («Динамо») — 4 млн
  • Вячеслав Караваев («Зенит») — 3,5 млн
  • Сергей Волков («Зенит») — 3 млн
  • Хесус Медина («Спартак») — 3 млн
  • Илья Лантратов («Локомотив») — 2,5 млн