01.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Transfermarkt қазақстандық қақпашы Довгальдің құнын айтарлықтай көтерді

Transfermarkt.com мәліметінше, «Тюмень» клубының қазақстандық қақпашысы Александр Довгальдің трансферлік құны оның мансабындағы ең жоғары деңгейге жетті.

Портал 24 жастағы қақпашының құнын 125 мың еуро деп бағалады. Бұл алдыңғы 75 мың еуролық бағалаумен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Осы уақытқа дейін қақпашының нарықтық бағасы 100 мың еуродан аспаған.

Жыл басында «Тюменьге» ауысқаннан бері Довгаль Ресей Бірінші лигасында бес матч өткізді — төрт доп жіберіп, екі рет қақпасын «құлыптап» тастады. Клуб жанкүйерлері қазақстандық қақпашыны екі рет команданың үздік ойыншысы деп таныды.

Қақпашының сенімді ойынына қарамастан, «Тюмень» 26 тур қорытындысы бойынша 19 ұпаймен турнир кестесінің соңғы, 18-ші жолында тұр.