01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Трансферден ең көп табыс тапқан АПЛ клубы анықталды

Трансферден ең көп табыс тапқан АПЛ клубы анықталды

Лондондық «Челси» соңғы 10 жылда ойыншыларды сатудан ең көп табыс тапқан команда атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt мәліметінше, «көктер» трансферлерден 1 миллиард 440 миллион еуро пайда көрген. Екінші орында – 922 миллион еуромен «Манчестер Сити», ал үздік үштікті 690 миллион еуро тапқан «Ливерпуль» түйіндеді.

Сондай-ақ, үздік ондыққа «Эвертон» (636 миллион), «Астон Вилла» (622), «Саутгемптон» (610), «Лестер» (602), «Тоттенхэм» (576), «Манчестер Юнайтед» (545) және «Вулверхэмптон» (531) клубтары енді.

Жарияланған жаңалықта ерекше назар «Арсеналға» аударылған. Лондондық клуб небәрі 465 миллион еуромен 13-орында тұр. Портал сарапшысының пікірінше, мұндай нәтижеге клубта Арсен Венгер мен Унаи Эмери бапкер болған кезеңдерде жүргізілген дұрыс емес қаржылық саясат себеп болған.