31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Трамп 2026 жылғы ӘЧ-ке бразилиялық жанкүйерлерді кіргізбеуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Трамп 2026 жылғы ӘЧ-ке бразилиялық жанкүйерлерді кіргізбеуі мүмкін

АҚШ пен Бразилия арасындағы дипломатиялық шиеленіс футбол жанкүйерлеріне әсер етуі ықтимал. CNN хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бразилиялық азаматтарға виза беруге тыйым салу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұл шектеу тек жанкүйерлерге қатысты болмақ. Бразилия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алған, ал футболшыларға ешқандай санкция қолданылмайды.

Егер шешім қабылданса, 2026 жылғы әлем чемпионатына Бразилиядан жанкүйерлердің келуі шектелуі мүмкін.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!