02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тоттенхэм Постекоглумен қоштасып, орнына жаңа бапкер табуда

Тоттенхэм Постекоглумен қоштасып, орнына жаңа бапкер табуда

Саша Тавольери журналисінің мәліметінше, «Тоттенхэм» басшылығы Эндж Постекоглумен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Лондондық клубтың бас бапкері қызметіне негізгі үміткер — «Брентфордтың» қазіргі жаттықтырушысы Томас Франк.

Постекоглу «шпорларды» шамамен екі жыл бұрын басқара бастады. Австралиялық маманның жетекшілігімен команда Премьер-лигада 17-орынға түсіп қалғанымен, соңғы 17 жылдағы клубтың алғашқы трофейі — Еуропа Лигасын жеңіп алды.