Оқу уақыты: 1 мин

« Тоттенхэм» Еуропа Лигасының жеңімпазы

« Тоттенхэм» Еуропа Лигасының жеңімпазы

Лондондық «Тоттенхэм» УЕФА Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, финалда «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңді.

Жалғыз голдың авторы — Бреннан Джонсон. Осылайша, «Тоттенхэм» Англия премьер-лигасындағы 17-орнына қарамастан, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.

Бұл трофей «Тоттенхэм» үшін соңғы 17 жылдағы алғашқы жеңіс болды: 2008 жылы олар Лига кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, бұл — «Тоттенхэмнің» соңғы 41 жылдағы алғашқы халықаралық трофейі: 1984 жылы команда УЕФА кубогын ұтқан еді.