15.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тоттенхэм» Еуропа лигасының финалы алдында Кулушевскиден айырылды

«Тоттенхэм» Еуропа лигасының финалы алдында Кулушевскиден айырылды

Жартылай қорғаушы Деян Кулушевски Еуропа лигасының «Манчестер Юнайтедке» қарсы финалында «Тоттенхэмге» көмектесе алмайды — ойыншы оң тізесіне ота жасатты.

Швед футболшысы «Кристал Пэласқа» қарсы ойында жарақат алып, матчтың 19-шы минутында алаңды тастап кетті. Биылғы маусымда 25 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 50 матч өткізді — оның еншісінде 10 гол мен 11 нәтижелі пас бар.

«Шпорлар» құрамында сондай-ақ жарақаттанған ойыншылар:
Джеймс Мэддисон (тізе)
Лукас Бергвалл (тобық)

«Мамандармен қосымша кеңескеннен кейін жартылай қорғаушы хирургиялық емдеуден өтті және біздің медициналық қызметкерлермен бірге оңалтуды дереу бастайды», — делінген клубтың мәлімдемесінде.

«Тоттенхэм» АПЛ турнирлік кестесінде 17-орында тұр, төменгі лигаға түсу аймағынан бір қадам жерде. Еуропа лигасының финалындағы жеңіс — команданың келесі Чемпиондар лигасына түсуінің жалғыз мүмкіндігі.