Оқу уақыты: 1 мин

Төрт шабуылшы «Құлагермен» келісімшарттарын ұзартты

Төрт шабуылшы «Құлагермен» келісімшарттарын ұзартты

Shaiba.kz хабарлағандай, «Құлагер» хоккей клубы шабуыл шебін нығайтты — төрт шабуылшы командамен жаңа келісімшарттарға қол қойды.

Иван Казаченко, Батыр Марқабаев, Даниил Махамадеев және Данила Букарь — петропавл клубымен келісімшарттарын ұзартқан ойыншылар.

Шабуылшылар төрттігінің ең тәжірибелісі Казаченко — өткен маусымның негізгі біріншілігінде 34 ойын өткізіп, үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Батыр Марқабаев келісімшартын ұзартқан хоккейшілер арасында ең жоғары нәтижелілік көрсетті — негізгі біріншіліктің 36 ойынында 10 ұпай жинап, алты гол соғып, төрт пас берді, ал плей-офф кезеңінің тоғыз матчында бір асситпен көзге түсті.

Жас шабуылшылар Даниил Махамадеев пен Данила Букарь өткен маусымда сәйкесінше 20 және 16 ойын өткізді — екеуі де әзірге команда құрамында нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алған жоқ.