2026 жылғы әлем чемпионатының африкалық іріктеу турнирінде төрт құрама — Бенин, Кабо-Верде, Габон және Мозамбик — өз топтарында көш бастап келеді.
Мали құрамасы сырт алаңда Коморды 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Камори Думбия дубль жасады. Осылайша, Том Сентфит шәкірттері турнирлік кестеде көш бастап тұрған Мадагаскардан екі ұпайға қалып келеді.
C тобында Бенин Зимбабвемен тең түсті — 2:2. G тобында Мозамбик Уганданы 3:1 есебімен жеңіп, Алжирден үш ұпайға озып кетті. Габон Сейшел аралдарын 3:0 есебімен ойсырата ұтты, бұл ойында Денис Буанга дубль жасады.
Басқа нәтижелер:
– Кабо-Верде Маврикийді 1:0 есебімен жеңді.
– Кения мен Гамбия 3:3 есебімен тең түсті.
– Жаңа бапкер Алиу Сиссе жаттықтыратын Ливия Анголамен 1:1 есебінде тең тарқасты.
– Сьерра-Леоне Гвинея-Бисауды 3:1 есебімен жеңді.
Алғаш рет 48 команда қатысатын алдағы әлем чемпионатында Африкаға тоғыз тікелей жолдама бөлінген. Алайда, құрлықтың дәстүрлі фавориттері іріктеу кезеңінің орта тұсында қиындықтарға тап болуда.
Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!