05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Торпедо» мен «Хумо» PRO Ligasy жартылай финалында кездеседі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

PRO Ligasy плей-офф кезеңінде алғашқы жартылай финал жұбы анықталды. Өскеменнің «Торпедо» мен Ташкенттің «Хумо» командалары өзара бақ сынайды.

«Торпедо» ширек финалда «Ақтөбе» командасын 4:1 есебімен жеңсе, «Хумо» Рудныйдың «Горняк» клубын дәл осындай есеппен ұтты.

Жартылай финалдық серия 14 наурыз күні Өскеменде басталады.