Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Торпедо» мен «Арлан» финалда жолығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

1xBet Pro Hokei Ligasy жартылай финалындағы керемет камбэкпен «Хумоны» жарыс жолынан шығарған «Торпедо» финалда көкшетаулық «Арланмен» кездеседі.

Өскеменде өткен жетінші матчта жергілікті «Торпедо» 1xBet Pro Hokei Ligasy жартылай финал сериясын керемет түрде аяқтады. Ташкенттік «Хумо» шешуші ойында жеңіске біртабан жақын тұрғанымен, алаң иелері тарихи камбэк жасап, овертаймда 4:3 есебімен басым түсті.

«Торпедо» — «Хумо» 4:3 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 1:0)

Голдар хронологиясы:
▪️ 0:1 — Карабань (Сиксна, Литовченко) — 00:28
▪️ 0:2 — Лихотников (Карабань, Саврицкий) — 33:02
▪️ 1:2 — Акмальдинов (Яковлев, Мусоров) — 36:55
▪️ 1:3 — Дорофеев (Жилов, Дербенёв) — 48:45
▪️ 2:3 — Акмальдинов (Колобов, Мусоров) — 54:32 (ГБ)
▪️ 3:3 — Сулимов (Лагунов, Акмальдинов) — 58:59
▪️ 4:3 — Кляузов — 60:46 (ШБ)

Ойынның басым бөлігінде «Хумо» есепте алда болды, бірақ үшінші кезеңнің соңына қарай «Торпедо» матчты теңестіріп, овертаймда жеңісті жұлып әкетті.

«Арлан» өз кезегінде екінші жартылай финалда Қарағандының «Сарыарқасын» сенімді түрде жарыс жолынан тайдырды — серия 4:1 есебімен аяқталды. Көкшетаулық клуб матчтарды жоғары қарқынмен бастап, тәжірибе мен шеберліктің арқасында қарсыласын қысым астында ұстады. «Арлан» былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалуға жақындай түсті.

Осылайша, финалда «Арлан» мен «Торпедо» арасындағы нағыз шайқас күтіліп отыр. Бұл жұп өткен маусымда да плей-офф кезеңінде кездескен болатын — сол кезде Көкшетаулықтар үстем түскен. Енді «Торпедоның» алдында тарихи реванш алуға нақты мүмкіндік тұр.