21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Торпедо» басшылары төрешілерге миллион рубльден астам пара ұсынған

«Торпедо» басшылары төрешілерге миллион рубльден астам пара ұсынған

Ирина Волктің телеграм-арнасының мәліметінше, мәскеулік «Торпедо» иесі Леонид Соболев пен клуб директоры Валерий Скородумовқа қатысты спорттық жарыстардың нәтижелеріне заңсыз әсер ету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу анықтағандай — клуб басшылары ұйымдасқан топ құрамында әрекет етіп, команданың қатысуымен өткен кем дегенде үш матчтың нәтижесіне әсер етуге тырысқан.

«Күдіктілер футбол матчтарының бас төрешісіне белгілі әрекеттер үшін 1 млн рубльден астам ақшалай сыйақы ұсынған. Олардың ішінде – өз командасының жеңісін қамтамасыз ету, қарсыластар қақпасына пенальти тағайындау немесе олардың ойыншысын алаңнан шығару бар», — деді ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз әрекеттер 2025 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында орын алған — іс фигуранттары төрешімен «Торпедо» пайдасына шешімдер қабылдау туралы келісуге тырысқан.