10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Торпедо» бапкері: «Ордабасыға» қарсы матчта тосынсый болады»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Торпедо» бапкері: «Ордабасыға» қарсы матчта тосынсый болады»

Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубының бас бапкері Дирк Шустер Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасыға» қарсы өтетін матч алдында өз пікірін білдірді.

Неміс маманы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команда дайындығына көңілі толатынын жеткізді және алғашқы ойында өз алаңында басымдық алуға ниетті екенін айтты:

– Дайындық барысы жақсы өтті. Команда шабуылда да, қорғаныста да ілгерілеу көрсетті. Жанкүйерлердің қолдауымен алғашқы ойында артықшылық алуға тырысамыз, – деді Шустер.

Оның сөзінше, жазғы трансферлік кезеңде келген жаңа ойыншылар команданың сапасын арттырған. Ал негізгі құрам жайлы сауалға бапкер жауап беруден бас тартып, жанкүйерлерді тосынсыйлар күтіп тұрғанын айтты.

Айта кетейік, алғашқы матч 10 шілдеде Кутаисиде өтеді, ал жауапты кездесу 17 шілдеде Шымкентте ұйымдастырылады.