Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Торпедо» «Ақтөбені» жеңіп, Қазақстан чемпионатының плей-офф жартылай финалына шықты

Shaiba.kz хабарлағандай өскемендік «Торпедо» Қазақстан чемпионатының плей-офф ширек финалының бесінші матчында «Ақтөбені» 5:4 есебімен жеңді.

Қызу тартыста Өскемендіктер жеңіске қол жеткізді, кезеңдер бойынша есеп 2:1 2:1 1:2 құрады.

  • 0:1 — Исмагилов (04:16)
  • 1:1 — Алдабергенов (08:56)
  • 2:1 — Алдабергенов (14:47)
  • 2:2 — Шишов (24:07)
  • 3:2 — Акмальдинов (34:08)
  • 4:2 — Олендаренко (38:26)
  • 4:3 — Захаров (41:55)
  • 5:3 — Мусоров (48:12)
  • 5:4 — Исмагилов (55:15)

Бұл жеңіс Өскемендік команда үшін шешуші болды — «Торпедо» серияны 4-1 есебімен жеңіп турнирдің жартылай финалына жолдама алды.