Оқу уақыты: 1 мин

«Торонто» капитаны Мэттьюс жаңа рекорд орнатты

«Торонто» капитаны Мэттьюс жаңа рекорд орнатты

Остон Мэттьюс НХЛ-дың кезекті матчында «Торонтоның» «Калгариден» 6:2 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Америкалық шабуылшы бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, үш ұпай жинады.

27 жастағы капитан екінші кезеңде екі шайба соғып, «Торонто» тарихындағы рекордты жаңартты. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш Дэррил Ситтлерге тиесілі болған (35 рет бір кезеңде екі гол соғу).

Биылғы маусымда Мэттьюс 52 ойында 26 гол соғып, 60 ұпай жинады. Жалпы, НХЛ-дегі мансабында ол 394 шайба авторы атанып, 709 ұпайға жетті.