Оқу уақыты: 1 мин

Төреші сарапшысы: «Интер» қорғаушысының қолымен ойнаған сәті — пенальти емес

Төреші сарапшысы: «Интер» қорғаушысының қолымен ойнаған сәті — пенальти емес

Golazo хабарлауынша, бұрынғы әйгілі төреші Альфонсо Перес Бурруль Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Интер» — «Барселона» матчында болған даулы эпизодқа пікір білдірді.

Ойынның 25-минутында Франческо Ачербидің қолына тиген доп жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті. Эпизод Педридің пасынан кейін орын алып, Дани Ольмо қауіпті сәт жасауға ұмтылған еді. Алайда төреші Шимон Марчиняк бұл сәтте пенальти белгілемей, ВАР жүйесі де оның шешімін құптады.

«Бұл жағдай үшін пенальти беру артық болар еді. Доп Ачербидің қолына тиді, иә. Бірақ бұл — табиғи ойын сәті. Оның әрекетінен әдейілік байқалмайды», — деді Бурруль.

Айта кетейік, қос матч қорытындысы бойынша «Интер» каталондықтарды 7:6 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.