21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Төреші 17 градус аязда өткен матчтан кейін Мессиден жейде сұрады

КОНКАКАФ Чемпиондар кубогының 1/16 финалының бірінші матчында «Интер Майами» клубы «Спортинг Канзас-Сити» командасын сырт алаңда 1:0 есебімен жеңді.

Ойындағы жалғыз голды аргентиналық супер-шабуылшы Лионель Месси кездесудің 56-шы минутында соқты.

Матч төтенше ауа-райы жағдайында өтті. Қатты қар мен аяздың салдарынан ойын бір тәулікке шегерілді, алайда келесі күні де ауа температурасы минус 17 градусты құрады.

Соңғы ысқырықтан кейін қызықты оқиға орын алды. Осы кездесуді басқарған мексикалық төреші Марко Антонио Ортис Нава «тырналар» капитанына футболка алмасу өтінішімен жақындады.