17.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тоқтар Жаңғылышбай «Ертіс» сапына ауысады

Тоқтар Жаңғылышбай «Ертіс» сапына ауысады

Шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай алдағы маусымда павлодарлық «Ертіс» клубына ауысады.

Биылғы маусымда Жаңғылышбай «Қызылжар» сапында барлық жарыстарда 17 кездесу өткізіп, үш гол соқты. Тәжірибелі ойыншы бұған дейін Қарағандының «Шахтер», «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар», «Жетісу», «Мақтаарал» сияқты бірқатар қазақстандық командалардың намысын қорғаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ертіс» биыл премьер-лигаға ресми түрде оралды. Соңғы турда павлодарлықтар «Хан Тәңірін» 7:1 есебімен ойсырата жеңді.