25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Топурия: «Оливейраны алғашқы минуттарда-ақ сұлатып тастаймын»

Топурия: «Оливейраны алғашқы минуттарда-ақ сұлатып тастаймын»

UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Илия Топурия Чарльз Оливейрамен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz Championat басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кездесу бастала салысымен қарсыласы оның жылдамдығы мен күшін бірден сезінеді. «Оливейра партерге тартқысы келеді, бірақ бәрі тым тез аяқталады. Мен оны алғашқы екі-үш минутта-ақ сұлатып тастаймын», — деді Топурия.

Сонымен қатар, ол бразилиялық спортшының ММА-дағы жетістіктерін жоғары бағалап, тұлға ретінде де құрметтейтінін жеткізді. «Оливейра — жақсы жігіт. Бірақ біз қарсыласпыз. Сондықтан бәрін қатерге тігем. Абай болыңыздар!» — деп ескертті ол.