28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Топурия мен Оливейра UFC жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Топурия мен Оливейра UFC жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Испания атынан өнер көрсететін грузин жұдырықшысы Илия Топурия (16-0) бразилиялық Чарльз Оливейрамен (35-10) UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде Лас-Вегаста кездеседі — жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Жекпе-жек 29 маусым таңертең өтеді, тікелей эфир Қазақстан уақыты бойынша 09:30-да басталады — тікелей трансляцияны UFC ресми сайтынан көруге болады.

Букмекерлер бұрын жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленген Топурияға басымдық береді. Оның қарсыласы Оливейра жеңіл салмақтағылар рейтингінде екінші орында тұр.

Соңғы жекпе-жектерінде екі жұдырықшы да сенімді жеңістерге қол жеткізді — Топурия америкалық Макс Холлоуэйді (26-8) үшінші раундта нокаутпен жеңсе, Оливейра Майкл Чендлерден (23-10) төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті.