28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Топурия мен Оливейра кездесуі: сарапшы жекпе-жек тағдырын болжады

Топурия мен Оливейра кездесуі: сарапшы жекпе-жек тағдырын болжады

Осы жексенбіде ММА жанкүйерлерінің тағатсыздана күткен UFC 317 турнирі өтеді.

Басты жекпе-жекте вакантты чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия (16-0-0) мен бразилиялық Чарльз Оливейра (35-10-0) арасында бес раундтық айқас өтеді.

Спорт Пульс тілшісі осы жекпе-жекке қатысты сарапшы Әли Тастанның пікірін білді. Сарапшының айтуынша, жекпе-жек толық 5 раундқа жалғаспайды.

Илия Топурия – сөзсіз фаворит. Оның мықты бокс техникасы, жоғары IQ-ы және греплинг шеберлігі – жеңістің басты кепілдері. Жекпе-жек 1 немесе 2-раундта Топурияның пайдасына аяқталуы ықтимал. Ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, граунд-энд-паунд әдісімен немесе сабмишнмен жеңуі мүмкін.

«Оливейра — қауіпті қарсылас»

Әрине, Чарльз Оливейра – қауіпті қарсылас. Ол UFC тарихындағы сабмишн рекордсмені, әрі қол соққылары өте ауыр. Алайда, бразилиялық файтер бұрынғы чемпиондық формасында емес. Дегенмен, тәжірибелі спортшының бұл жекпе-жекте өзінің барлық арсеналын көрсетуге тырысатыны сөзсіз.

Сарапшының айтуынша, салмақ жасауда бұл жекпе-жектің нәтижесіне әсер етуі мүмкін

Физикалық дайындық та маңызды рөл ойнауы мүмкін. Оливейра жекпе-жекке дейін шамамен 13–14 кг салмақ тастайды, бұл оның қалпына келуіне әсер етуі ықтимал. Ал Топурия тек жартылай – 6–7 кг шамасында ғана салмақ қуып, жекпе-жекке толықтай дайын қалыпта шыға алады.

Айта кетейік, Оливейра соңғы жекпе-жегінде Михаил Чандлерді жеңді. Ал, Топурия 15-0 рекордты бар Макс Холлоуэйді жеңген болатын.

 

 

ММА жаңалықтарын бірінші болып білу үшін біздің telegram арнаға тіркел!